ERG-дің ішкі құрылымында жүріп жатқан трансформация – Қазақстандағы жаңа индустриялық капитализмгет бет бұрудың жарқын үлгісі. Ал осы күрестің эпицентрінде тұрған Шухрат Ибрагимовке қазір сырттан ақпараттық шабуылдар үдей түскенін көріп отырмыз.
Машкевичтер мен Шодиевтерден мұра болған ERG – кезінде елден миллиардтаған долларды сыртқа шығарып, Африка мен Еуропадағы тәуекелі жоғары жобаларға қаржы шашты. Олар Евразия табиғи ресурстар империясын ұзақ жылдар бойы сырттай бақылауда ұстап, ішкі басқару мен стратегиялық шешімдер көбіне Лондон мен Мәскеудің ақпарат алаңында шешіліп келді. Бүгінде ол кезең келмеске кетті.
ERG-ның қазіргі жеткшісі Шухрат Ибрагимов бүгінде ескі жүйенің көлеңкесінен шығып, Қазақстан экономикасын өркендетуге бет бұрып отыр. Оның қадамы Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Өйткені, жас технократ ERG-нің табысы ел ішінде қалдырып, Қазақ жерінде өндіріс пен технологияны өркендетуге барын салуда.
Бұған биыл өзі басқаратын компанияның сирек кездесетін галлий металын өндіретін зауытқа 10 миллиард теңге инвестиция салғаны айқын мысал бола алады. Бұл – әлемдік нарықта күрт өскен сұранысқа жауап. Қазіргі жағдайда галлий өндірісімен айналысатын елдер өз позициясын энергетикалық және цифрлық қауіпсіздік жағынан күшейтуде. Сондықтан Қазақстанның дәл осы сәтте осы бағытқа кіруі – стратегиялық шешім десек болады.
Ибрагимов бұл жолды Қазақстан Үкіметімен тізе қосып, алға қадам басуда. Шухрат Ибрагимов Қазақстанның ұлттық мүддесін экономикалық алаңда нақты қорғап, трансұлттық ықпалдардан шығуда.
Бірақ Ибрагимовтің бұл бағыттағы жұмыстарына кедергі келтірушілер де төбе көрсете бастады. Ресейдің бірқатар ақпарат құралдары мен анонимді Телеграм арналары бұл бағыттағы жұмыстарды теріс жағынан сипаттап, Ибрагимовті әлдебір сыртқы ойыншылармен байланыстырып көрсетуге тырысып жатыр. Әрине, ақпараттық шабуылдың бір ұшы Шодиев пен оның шетелдегі серіктестеріне барып тіреледі.
Бұрын ERG компаниясы ресурсты тек сыртқа бағыттайтын, өз еліндегі инфрақұрылым мен кадрлық әлеуетке аз мән беретін-ді. Ал қазір жағдай 180 градусқа өзгерген. Африкадағы шығынды жобалардан шығу, оларды сату, Қазақстанда жаңа цехтар мен өндіріс орындарын салу – бұл Ішкі Қазақстан экономикасының жаңа векторы.
Бұл өзгерістер тек бизнеске ғана емес, бүкіл саяси элитаға әсер ететін маңызды сигнал. Өйткені қазір ескі жүйеге қызмет еткен олигархтар шетелдегі активтерімен Қазақстанға қысым жасау құралдарын жоғалта бастады. Олар енді ақпараттық соғыста да ұтылатыны анық. Ал Ибрагимов Жаңа Қазақстан мен халыққа арқа сүйеп, өзінің іскерлік бастамаларын мемлекеттік саясатпен ұштастырып келеді.
Соңғы айларда жүргізілген талдаулар мен ақпараттық зерттеулерден Ибрагимовтің әрекеті – нарық заңына ғана емес, ұлттық қауіпсіздік және экономикалық егемендік принциптеріне негізделгенін байқап, көз жеткізіп отырмыз.
Сөз соңында айтарымыз, Қазақстанның болашағы осы тектес ішкі трансформациялардың нәтижесімен тікелей байланысты. Егер Ибрагимовтің бастамасы сәтті жүзеге асса, бұл тек бір компанияның емес, бүкіл елдің экономикалық моделінің жаңарғанын көрсететін маңызды қадам болмақ. Ал бұл өз кезегінде Қазақстанның дербес даму жолындағы тарихи кезеңдердің біріне айналатыны сөзсіз.