Алматы әуежайында батылдық көрсеткен адам әнші Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Әншінің сөзінше, бейбіт күннің батыры атанған — әкесінің інісі Мұса.
«Әбдірайымов Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы Түлкібас ауданы Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазір 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас, ел шулап жатыр. Намысты жігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді… Ешкім батыр боламын, қаһарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз — ерлік! …Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті. Бала-шағаның несібесі таусылмасын. Кез келген марапатқа лайықсыз! Біз сізбен мақтанып жүрейік», — деді ол.
Оқиғаның мән-жайы
7 наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған.
Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушыны полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ұстады. Ол қамауға алынды.
Кейін Президент Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты батыл азаматты марапаттауды тапсырды.