Қостанай облысында Бейімбет Майлин ауданы Мәслихатының төрағасы және депутаты жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Істің мән-жайы
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бейімбет Майлин ауданы Мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты соталды тергеуді аяқтады.
«Мәслихат төрағасы өзіне аффилиирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттары талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталып отыр», — деп жазылған хабарламада.
Биыл 23 қаңтарда қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.
Бұған дейінгі оқиға
Бұған дейін Ақтөбе облысында шенеунік депутаттармен бірлесіп, 672 млн теңгені қолды қылғаны белгілі болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты соталды тергеуді аяқтады.
Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.