Алматы қаласы Медеу ауданының бұрынғы судьясы Светлана Жолманова екі айға қамауға алынды. Бұл туралы адвокат Мұрат Адам мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Orda.kz-ке сілтеп.
Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын.
«Оған қоса бірнеше эпизод бойынша айыпталып отыр. 2021 жылы Жолманова «ескі Қазақстанның» соңғы «жұлдыздарының» бірі болды. Бәрі Атырау облысының бұрынғы әкімі, сол кездегі Алматы әкімі және ҰҚК төрағасына қатысты істен шыққан», — деп жазылған басылым мәліметінде.
Бұрынғы судья Светлана Жолманованың есімі сыбайлас жемқорлыққа қатысты істе 2021 жылдың сәуірінде де аталған болатын. Қазнетте оның үйінен үш миллион доллар, ал көлігінен тағы 600 мың доллар табылғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Кейінірек соттың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.