БАҚ пен әлеуметтік желіде Сара Назарбаева қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алайда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі-баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаева қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Мәліметке сүйенсек, бұл ақпаратты шығарған БАҚ артынша мәліметті өшірген.
Айдос Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бірқатар отандық БАҚ журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сұрауына байланысты оның қайтыс болғаны туралы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді», — деді Үкібай.
83 жастағы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат жуырда пайда болды.
Сара Алпысқызы Назарбаева (қыз кезіндегі тегі — Қонақаева) 1941 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі, Қазақстанның тұңғыш бірінші ханымы.
Дариға Назарбаева 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Бір жылдан кейін жас жұбайдың Дариға атты қызы дүниеге келді. Көп ұзамай Динара мен Әлия Назарбаевалар дүниеге келді.