Әлеуметтік желіде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен кездесу кезінде полиция қызметкеріне дөрекі түрде ескерту жасаған видеосы тарады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Qaz365.kz-ке сілтеп.
Кадрлардан тұрғындармен сөйлесіп тұрған әкім артына бұрылып, полицейге бірнеше рет ескерту жасағанын көруге болады. Бірақ әкімнің полицейге не үшін ашуланғаны белгісіз.
«Дауысыңды көтермей сөйле. Қалай-қалай сөйлейсің? Бар, жақындама маған», – деді Сыздықбеков.
Қала басшысының бұл сөздерін желі қолданушылары тым дөрекі деп сынға алып жатыр.