Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова енді коллекторлар демалыс күндері мазаламайтынын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Бүгін Мәжіліс отырысында қаржы нарығын дамыту бойынша заң жобасы қаралды.
«Бұл заңмен реттеледі. Коллекторлық агенттіктер демалыс күндері хабарласуға құқықтары жоқ. Екіншіден, жұмыс күндері тек үш рет хабарласуына болады. Одан аспауы тиіс. Егер бұдан артық мазалап жатса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің колл-орталығына мәлімет беріңіздер. Шаралар қабылдайтын боламыз», – деді Мәдина Әбілқасымова.