Алматы облысы Талғар қаласында түнгі уақытта болған оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Алматы облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Оқиғаға қатысы барлар ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында екені айтылды.