Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті Таяу Шығыстан Қазақстанға жеткізілген есірткіні анықтады, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
21 маусымда Маңғыстау облысында 10 келі гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Тінту барысында олардан 50 грамм апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 миллион теңгеден аса қаражат алынды.

Есірткі арнасын ұйымдастыруда түзеу мекемесінде осындай қылмыс жасағаны үшін отырған шетелдік күдікке ілініп отыр.

Сотталғанның есірткі арнасына қатысы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталған. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
