Xiaomi Қазақстан нарығына бірден екі инновациялық смартфондар желісі — Xiaomi 14T және Xiaomi Mix Flip-ті ұсынады. Бұл құрылғылар жоғары сапалы түсірілім мен бүктемелі құрылғыларды ұнататындар үшін пайдаланушы тәжірибесінің жаңа деңгейін қамтамасыз ететін озық технологияларды үйлестіреді.
Xiaomi 14T және 14T Pro: фотосуреттерді қадірлеушілерге арналған
Xiaomi 14T сериялы смартфондар мобильдік фотосуреттен барынша ляззат алғысы келетіндерге арналған. Leica-мен ынтымақтастықта әзірленген камералар тіпті жарық төмен болған жағдайда да әсерлі нәтижелермен қамтамасыз етеді. Xiaomi ASP платформасы мен AI LM технологиясының арқасында құрылғылар UltraHDR және жетілдірілген портрет режимдерін қолдайды. Leica Summilux оптикасы, үш камералы жүйесі және Light Fusion 900 сенсоры бар Xiaomi 14T Pro түсірілімдердің кәсіби сапасына кепілдік береді.
Қолжетімді модельдері:
● Xiaomi 14T Pro (12+512 ГБ) — 349 990 теңге
● Xiaomi 14T Pro (12+1024 ГБ) — 399 990 теңге
● Xiaomi 14T (12+256 ГБ) — 249 990 теңге
2024 жылғы 27 қыркүйек пен 27 қазан аралығында сатып алған жағдайда Xiaomi Buds 5 және сыйлық қорабы сыйлыққа беріледі (қораптардың саны шектеулі)
Xiaomi MIX Flip: бүктемелі смартфондардың жаңа дәуірі
Сонымен бірге Xiaomi нарыққа Xiaomi MIX Flip-ті шығарады — үздіктер қатарындағы Snapdragon® 8 Gen 3 чипсеті және жетілдірілген салқындату жүйесіне ие шағын бүктемелі құрылғы. Смартфонда 1.5К ажыратымдылығы және 120 Гц жаңару жиілігі бар қос дисплей, сондай-ақ Xiaomi HyperOS қолдауы бар, бұлар құрылғымен өзара әрекеттесуді жылдам әрі ыңғайлы етеді. Xiaomi x Leica Summilux камералары мен Xiaomi AISP жүйесі мобильдік фотосурет үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Модельдің екі түсі қолжетімді — күлгін және қара, 12+512 Гб конфигурациясының бағасы 529 990 теңге. 2024 жылғы 27 қыркүйек пен 27 қазан аралығында MIX Flip-ті сатып алған жағдайда, Xiaomi OpenWear Stereo құлаққаптары сыйлық ретінде келеді.
Екі серияны да Xiaomi Store-да, mi.com.kz-те, сондай-ақ серіктестердің дүкендерінен сатып алуға болады.