Алматы облысының полициясы Шерзаттың ағасының өлімі бойынша тағы бір мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған. Марқұм 4 қазанда қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.
Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, інісінің жанына жерлеуді сұрады», — деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қазір барлық жағдайды анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз!», — деді полиция.
Еске салайық, бүгін Алматы облыстық полиция департаменті Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлады.
Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын да мәлімдеді.
«Марқұмның отбасына қатысты қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің сөзінше, ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлікпен кетке. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жарияланбайды», — деп жазылған хабарламада.