Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтан 25 адам аман қалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.
«Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланыпа жатыр. Алдын ала аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.
Барлығы ТЖД, МӨПС, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жолаушылардың тізімі нақтыланып жатыр.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.