Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған дерек бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік тобы құрылған. Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді.
«Оқиға орнына үкіметтік комиссия құрамында елдің Бас көлік прокуроры барды. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше бақылауында», — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.