Ақтөбеде кепілге алынғандардың көршілері мән-жайды айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Stan.kz мәліметінше, қазіргі уақытта марқұмдардың үйін полиция күзетіп тұр. Көршілері үрейленгендіктен есіктерін әлі жауып отыр екен.
“Кешкі сағат 20:00 шамасында серуенге шығамыз. Полиция толып тұр екен.»Апа, үйге кіріңдер, аманшылық, қорықпаңдар” деді. Үйге кіріп кеттік. Түнімен ұйықтамадық. Машиналар түнгі 00:00- ге дейін тұрды. Бірдеңе тарсылдағанда машинаға бірдеңе болды ма деп ойладық. Атып шықтық. Сол кезде мына жерден адам шығарып жатқандай болды”,- деді марқұмның көршісі.
Оқиғаға қатысты полиция: “Кісі өлтіру” және “Адамды кепiлге алу” баптары бойынша іс қозғады.
Айта кетейік, 13 қаңтарда сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде адамдар кепілге алынғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, бір адам ауруханада жатыр.