Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев азаматтарды негізсіз айыппұлдан қорғауды талап етті. Кейінгі кезде қазақстандықтар айыппұл көбейіп кеткеніне, бірнеше ай бұрынғы айыппұлдар енді келіп жатқанына жиі шағымданады. Депутат Мәжіліс мінберінде осы мәселені көтерді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Оның сөзінше, Әкімшілік құқықбұзушылық кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында бірқатар депутат заң жобасын сынға алып, оны қолдамаған.
«Біз полицейлердің әңгімелеріне және олардың басшыларының кодексті бұзғаны және азаматтарға айыппұл салғаны үшін хаттамаларды рәсімдеу бойынша түсініксіз «нормаларды» белгілеу туралы талаптарына азаматтардың куә болғаны жөнінде мысалдар келтірген болатынбыз.
Біз келтірген әлеуметтік желілердегі сілтемеде әрбір аудандық ішкі істер бөлімдері күніне кемінде екі жүз айыппұл, ал кезекшілікке шыққан әрбір полицей күніне кемінде бес айыппұл салуы тиіс деген тапсырмалар айтылған бейнежазба бар», — деді ол.
Ерубаевтың айтуынша, мұндай дауыстық және бейнехабарламалар бірнеше рет пайда болып, азаматтардың таңдануы мен әділ наразылығын тудырған.
«Ішкі істер министрлік өкілдері әкімшілік хаттамалар толтыруға нақты сан белгілеп, тапсырма беру практикасын жоққа шығарып отыр. Сонымен қатар, егер полиция қызметкерлері тарапынан бұзушылықтар фактілері немесе дәлелдер болса, оларды Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментіне немесе 1402 сенім телефонына хабарлауды сұрайтының мәлімдеді. Жоғарыда айтылған баяндамада да, осы сауалда да нақты фактілер келтірілген, бірақ олар туралы қандай да қолданылған реакция бұқараға беймәлім», — дейді Мәжіліс депутаты.
Осыған орай Серік Ерубаев мынадай ұсыныстар жасады:
1) Осы сауалда баяндалған нақты мысалдар бойынша тексеру жүргізуді;
2) Полиция басшыларының азаматтарға жаппай айыппұл салу туралы талабы бар бейнетаспаның шынайылығы немесе жалғандығы бойынша ресми түрде хабарлауды;
3) Ішкі істер министрлігі жүйесінде өз қарамағындағыларға жоғарыдағыдай тапсырмалар берген басшылар анықталғаны, және олар қандай жауапкершілікке тартылғаны туралы мәлімет беруді;
4) Аймақтардың температуралық режимі мен климатын ескере отырып, көліктің қозғалтқышы бес минуттан артық жұмыс жасау туралы норманы қайта қарау, зиянды шығарындыларды азайту бойынша баламалы және неғұрлым әділ шараларды пысықтау қажет деп санаймыз.