Әнші Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотқа тартылды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Ақпаратты Жоғарғы соттың байланыс бөлімі растады.
«Астананың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша Қ.А.-ға қатысты екі материал келіп түсті», — деді Tengrinews.kz-ке Жоғарғы соттағылар.
Басылым мәліметінше, Көліктегі полиция департаменті өкілдері Алматы-Астана бағытындағы авиарейс бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар қарау үшін сотқа жіберілгенін айтқан.