Медеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану фактісін анықтады, — деп хабарлайды Dalanews.kz.
АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы қоғамдық тамақтану нысанын ашуға мемлекеттік орган ғимаратына іргелес жатқан жер учаскесін заңсыз берген.
Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР заңының 50-бабы 1-бөлігінің (5-тармақшасы) аумақтық инспекция басшысы «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды.