Ақтауда әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады. Ақпаратты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Марқұм 39 жаста болған. Оның денесі пәтерінен табылды.
«Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде суицид жасады. Себептері мен мән-жай анықталып жатыр. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.
Мәліметке сүйенсек, бір жылға жуық уақытта әскери қызметші бала күтімі бойынша декреттік демалыста болған.
«Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — деді ведомство өкілі.