Экс-судья Светлана Жолманова бүгін жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Жолманова аса ірі көлемде (бірнеше эпизод) алаяқтық жасады деген күдік бар. Ұсталғаннан кейін ол тергеу жүргізу үшін Медеу ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
Уақытша қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы туралы мәселе қаралып жатыр», — деп жазылған Negemedia ақпаратында.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Ақпаратқа сүйенсек, Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Күдікті полицияға жеткізілді және қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Светлана Жолмановаға 2021 жылы қылмыстық іс қозғалған болатын. Сол кезде экс—судья мүдделі тұлғалардың пайдасына сот шешімдерін шығаруға көмектесіп, алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінгені хабарланды.
Кейінірек оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, судья қызметінен босатылды.