Приозерск гарнизонында тағы бір әскери қызметкер көз жұмды,- деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі мәліметінше, 14 қазанда Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қарауыл қызметінде міндеттерін орындаған уақытта бекітілген қаруынан өз-өзіне бас аумағына оқ атқан.
«Бұл оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Алдын ала ақпарат бойынша сарбаз отбасылық-тұрмыстық жанжал незінде өз-өзіне қол салған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп жазылған хабарламада.
Оқиғаның мән-жайын анықталып, тергеу шаралары жүргізілу үстінде.
Айта кетейік, ақпаратқа сүйенсек, сарбаздың белгіленген әскери қызметінің аяқталуына екі апта қалған.
«Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оның жақындарына қажетті көмек көрсетіледі», — деп жазылған хабарламада.