Қостанай облысы прокуратурасы Жітіқара ауданындағы кәмелетке толмаған балалардың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының ТЖ бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруді ТЖД, “Қостанай минералдары «АҚ, Жітіқара қаласының құтқару бөлімшесі және «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС күштері жүргізді. Барлығы 19 адам және 5 техника жұмылдырылды.
Өкінішке орай, өрт кезінде 5 кәмелетке толмаған бала қаза тапты.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын-ала себебі пешті қараусыз қалдыру. Оқиға орнына облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.А. Бекбосынов барды.
«Облыс прокуратурасы қайтыс болған балалардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Ресупбликасы Бас Прокурорының бақылауына алынды», — деп жазылған хабарламада.