Биылғы көктемнің жаңбыры бұрынғыдай емес. Қазақ даласындағы бұлттар ғасырлар бойы батыстан шығысқа қарай көшетін. Бірақ қазір Маңғыстауға түскен жауын Шымкент пен Алматыға жетпей, жол-жөнекей жоғалып жатыр. Неге?
Өнертанушы ғалым Алтай Айнабек осы бір ерекше құбылысты бір ай бойы зерттеп, тың тұжырым жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оның пайымынша, бұл Ресейдің құпия климаттық қаруының салдары.
Ғалымның айтуынша, Ресей «СУРА» деп аталатын құпия климаттық кешенді белсенді пайдалануда. Бұл Батыста танымал HAARP климаттық қаруының ресейлік баламасы.
СУРА атмосферадағы бұлттардың қозғалыс бағытын өзгертуге және оларды белгілі бір аумаққа жасанды түрде бұруға қабілетті.
«Маңғыстауда жаңбыр мол жауса да, биыл ол жауын еліміздің оңтүстігіне жетпей жатыр. Бұрын табиғи түрде шығысқа жылжитын бұлттардың ендігі бағыты өзгерген. Қазір бұлттар оңтүстіктен солтүстікке қарай ығысып, Ресейдің Тверь мен Төменгі Новгород аймағына қарай «тартылып» барады. Бұл кездейсоқ емес, арнайы бағытталған климаттық операцияға ұқсайды», – дейді Алтай Айнабек.
Ғалымның сөзінше, Ресей қолданатын «СУРА» қондырғысы БҰҰ-ның ENMOD конвенциясына қайшы келеді. Конвенция атмосфералық процестерді теріс бағытта өзгертуге тыйым салған. Бірақ Ресей бұл тыйымды елемей, мегаваттық қуаты бар құрылғылар арқылы атмосфералық ылғалды өз аумағына қарай сорып отыр.
Айтуынша, құпия әрекеттің салдары Қазақстан үшін ауыр тиіп отыр. Елдің оңтүстік және шығыс аймақтары қазірдің өзінде қуаңшылықтың азабын тартып жатқан кезде, Ресейдің бұл технологиясы экологиялық апатты одан әрі ушықтыра түспек.
«Қазір әлемде жер астындағы не жер бетіндегі судан емес, атмосферадағы бұлттардан су тартып алатын технологиялар соғысы жүріп жатыр. Қытай «Аспан өзендерінің көзін ашу» бағдарламасын дамытса, Ресей «СУРА» кешенін іске қосты. Ал бізде бұл бағыттағы зерттеулер түгілі, мәселені көтеруге де ешкім құлық танытпай отыр. Бұл – өте қауіпті», – деп ескертеді маман.
Ғалымның айтуынша, Қазақстан бұл бағытта зымыранды садақпен атуға тырысқан «сорлының» күйін кешіп отыр. Ал Ресей мен Қытай секілді алып көршілер бұл салада жылдам алға кетіп барады.
Алтай Айнабек қазіргі билік пен қоғамға «үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без» деген қазақ нақылын еске салып, мемлекет деңгейінде дереу әрекет етудің қажет екенін айтады