Над национальным железнодорожным перевозчиком продолжают сгущаться тучи: только вчера задержали первого руководителя КТЖ, а теперь новая гордость компании — швейцарский поезд Stadler — оказался в центре скандала из-за забившегося бумажными салфетками туалета, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Не прошло и недели с момента выхода на рельсы современного вагона, как перевозчик вновь переложил проблему на пассажиров и предложил взыскать с них причиненный ущерб.
Басшысы түрмеге, дәретханасы істен шығуға: КТЖ-ның соры
Осыдан санаулы күн бұрын ғана Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚТЖ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті жемқорлық күдігімен қолына кісен салып әкеткенде, компания баспасөз қызметі «біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, бәрі бақылауда» деп ақталған еді. Алайда «штаттық режимнің» шын сиқы көп күттірмеді.
Еуропалық мінсіз сапаның нышаны ретінде Астана мен Алматы арасына үлкен салтанатпен жіберілген су жаңа Stadler вагоны қарапайым қағаз майлықтың салмағына шыдамай, жол ортасында тығырыққа тірелді. Жолаушылар тәулік бойы жабық тұрған дәретхананың алдында сандалып, жаңа пойыздың «комфортын» толық сезініп қайтты.
Швейцариялық инженерия қазақстандық майлыққа шыдамады
Ақаудың мән-жайын тексерген тасымалдаушы компания кінәратты тез тапты. Кінәлі — әдеттегідей техника емес, тағы да жолаушылар болып шықты. Вакуумдық жүйенің бітелуіне санитарлық торапқа тасталған гигиеналық майлықтар себеп болған көрінеді.
Компания өкілдері санитарлық-техникалық жүйенің нақты неден істен шыққанын анықтап, болашақта ереже бұзғандардың жазасыз қалмайтынын ашық ескертті.
«Диагностика барысында ақаулыққа санитарлық-техникалық жүйенің қағаз майлықтармен бітелуі себеп болғаны анықталды. Қағидаларды бұзған жолаушылардан келтірілген залалды өндіріп алу мәселесі қарастырылуда», – деп мәлімдеді «Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметі.
Құдды бір ғарыш кемесін жасағандай мақтанған миллиардтаған теңгенің пойызы кәдімгі майлық түскенде тұтас вагонның қажеттілігін бұғаттап тастайтын болса, бұл швейцариялық озық технологияның осалдығы ма, әлде біздің теміржолшылардың заманауи құралды күтіп-ұстауға дайын еместігі ме деген заңды сұрақ туады.
Халықтан ақша өндіру: тасымалдаушының жаңа айласы
ҚТЖ-ның осы жолғы реакциясы ерекше таңғалдырады. Жылдар бойы ескірген, жазда пеш, қыста мұздатқыш болатын сасық вагондары үшін халықтан кешірім сұрауды білмейтін монополист енді жаңа вагонның дәретханасы бітелгені үшін жолаушылардан ақша өндірмекші.
Әрине, қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтамай, биодәретханаға бөгде зат тастайтын мәдениетсіз жолаушылардың бары жасырын емес. Ондай әрекетті ақтауға болмайды. Бірақ бір вагонға бекітілген жолсеріктер қайда қарап отыр? Жол бойы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоқыс жәшіктерін уақтылы тазалау және ақауды бекеттерде лезде жөндеу неге ұйымдастырылмайды? Әлде қазақстандық пойызбен жүру үшін енді жолаушылар әжетхананы пайдалану бойынша арнайы емтихан тапсырып, кепілдік жарна төлеуі керек пе?
Жылтырақ қабық және өзгермейтін жүйе
Миллиардтаған қаржыға сатып алынған швейцариялық жылтырақ вагондар да отандық теміржолдың басты дертін емдей алмайтын сыңайлы. Жоғары жақтағы басшылары миллиардтап пара алып жатқанда, төмендегі қызметтің бір майлықтан опырылып түсуі — ұлттық тасымалдаушының шынайы айнасы.
Жүйенің ішкі мәдениеті, менеджменті мен қызмет көрсету сапасы түзелмейінше, Еуропаның ең қымбат пойызын әкелсең де, оның тағдыры бітеліп қалған әжетхананың деңгейінен ары аспайды. Өз кемшілігін үнемі халықтың мойнына артып үйренген монополистке енді тек жолаушыларға айыппұл салып қана күнелту қалғандай.
📌 Подписывайтесь на Telegram-канал Ertenmedia: коротко о главном, самая актуальная информация здесь!







