Мәжіліс дәлізінде Қаржы министрі Мәди Тәкиев қазақстандық шенеуніктердің жақын арада жалақысы көтеріле ме деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Qaz365.kz-ке сілтеп.
Мәди Тәкиев журналистердің тиісті сауалына берген жауабында мұндай мәселе Қаржы министрлігінде қаралмағанын мәлімдеді.
«Жоқ, бұл талқыланбады және қаралмады», – деп жауап берді ол.
Айта кетейік, Қаржы министрлігі өкілдері 2025 жылы кім декларация тапсыруы керек екенін айтқан болатын.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірген еді.
Қазан айының соңында қаржы министрі Мәди Тәкиев бюджет қаражатын үнемдеген мемлекеттік органдар сыйақы бермейтінін айтты.