Үкімет уақытша шектеу шаралары аяқталғаннан кейін тарифтік саясатты біртіндеп әрі нақты бағытпен жалғастырады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жаңа саясаттың басты қағидасы тұрғындардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмау, инфляциялық қысымды тежеу, халықты сапалы әрі қолжетімді коммуналдық қызметпен қамту.
Коммуналдық тарифтер жүйелі түрде және қажеттілікке қарай түзетіліп отырады. Барлық шешім тек экономикалық негіздемелер мен нақты жағдайларды ескере отырып қабылданады. Үкіметтің мәлімдеуінше, басты мақсат коммуналдық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, инфрақұрылымның тозуын азайту, төтенше жағдайлар мен апаттардың алдын алу.
Энергетика министрлігінің ресми мәліметінше, электр энергиясының шекті тарифтері 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап өзгеріссіз, 2025 жылғы деңгейде қалады. Былтыр желтоқсан айында министрлік 2026-2032 жылдар аралығына арналған электр энергиясына шекті тарифтерді бекіткен болатын. Осылайша, тарифтер келесі жылдарда да өткен жылғы деңгейде сақталады.
Сонымен қатар…
Министрлік бензин бағасы нарық жағдайына сәйкес қалыптасатынын хабарлады. Дегенмен бағаның негізсіз әрі күрт өсуіне жол берілмейді. Халықтың мүддесін қорғау Үкіметтің басты басымдығы.
Қазіргі таңда ел аумағында жанармай тапшылығы жоқ, қажетті қор толық көлемде жинақталған. Жағдай өңірлердегі арнайы штабтардың тұрақты бақылауында. Әкімдіктер, жауапты ведомстволар мен нарық өкілдері жанармай бағасын, жеткізілім логистикасы мен қордың көлемін күн сайын қадағалап, ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







