Полиция банктен жалпы құны 100 миллион еуроға жететін ақша мен құнды бұйымдарды қолды қылған ұрларға қатысты жаңа деректер тапты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тәртіп сақшылары Дортмунд вокзалындағы такси тұрағы маңындағы қоқыс контейнерінен күдіктілер пайдаланған көліктің мемлекеттік нөмірлерін тауып алған.
Бұған дейін полиция қылмыскерлердің оқиға орнынан қашқан автомобильдерінің суреттерін жариялаған болатын. Сол фотосуреттерден көліктің нөмірі анық көрінген еді.
Еске салсақ, 29 желтоқсан күні таңертең Sparkasse банкінің Гельзенкирхен қаласындағы бөлімшесінің қызметкерлері қоймада тұрған 3200-ден астам сейфтің тоналғанын байқаған.
Қаскөйлер банк қоймасына автотұрақ жақтан қабырғаны тесіп кірген. Тоналған сейфтерде ақша, алтын бұйымдар және басқа да құнды заттар сақталған.
Оқиға белгілі болған соң, 29 және 30 желтоқсан күндері банк бөлімшесінің алдына наразы клиенттер жиналып, көпшілігі сақтандыру өтемінен әлдеқайда көп шығынға батқанын айтып шағымданған.
Sparkasse өкілдері әр сейфтің ең көп дегенде 10 300 еуроға дейін ғана сақтандырылғанын мәлім етті. Банк дерегінше, бұл оқиға салдарынан барлығы 2700-дей адам зардап шеккен. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
Айтапқшы, бүгін Halyk Bank қосымшасы істемей қалып, жұрт әбігерге түсті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

