Қазақстандықтардың рубльге сұранысы 14 айлық құлдыраудан кейін алғаш рет өсе бастады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ақпан айының қорытындысы бойынша рубльді сатып алу көлемі оны сатудан 1,1 млрд теңгеге асып түскен. Мұндай жағдай соңғы рет 2024 жылдың қараша айында байқалған еді.
Рубльге сұраныс әсіресе Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жоғары. Алматы мен Астанада рубль саудасы әлі де теріс көрсеткіш көрсетіп отыр. Алайда соңғы кездері бұл қалалардағы жағдай да оң динамикаға қарай бет алған.
Ақпан айында рубль бағамы біршама тұрақталып, орташа есеппен 6,45 теңгені құрады. Бұл қаңтар айындағы бағамнан (6,5 теңге) сәл төмен.
Ал доллардың таза сұранысы 136 млрд теңгеге дейін төмендеген. Бұл қаңтармен салыстырғанда 9%, ал 2025 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 22%-ға аз көрсеткіш. Ақпан айында доллар бағамы 2,3%-ға өскен.
Еуроға таза сұраныс 10,5 млрд теңгеге жетіп, қаңтармен салыстырғанда 27%-ға өсті. Дегенмен өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 68%-ға төмендеген. Ақпан айында еуро бағамы теңгеге қатысты 1,5%-ға арзандады.
Қазақстанда 1 шілдеден бастап несие беру тәртібі өзгеріп, банктер қарыз алушының төлем қабілетін бұрынғыдан да қатаң бағалайтын болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







