Қазақстанның бірқатар аймақтарында алдағы күндері ауа райы күрт бұзылып, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің 15 облысында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында қатты жел, тұман және қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде.
Алматы қаласында күндіз қатты қар мен мұзды жаңбыр жауады. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетуі ықтимал.
Шымкентте де жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты нөсер болуы мүмкін. Тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы бірден +7+9°С дейін төмендейді.
Жетісу облысының шығыс, орталық және таулы аймақтарында қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың кейбір аймақтарында 26-27 ақпан күндері тұман түседі. Желдің екпіні 23-28 м/с жетеді деп болжануда. Талдықорған қаласында да тұман мен көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстік, орталық және оңтүстік бөліктерінде қар мен жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауын-шашын, бұрқасын мен көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Қызылорда қаласында түнде қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі.
Жел мен тұман жағаласып…
Атырау облысының батыс пен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысының орталығында тұман түседі. Аягөз ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде қар жауып, желдің жылдамдығы 15-18 м/с болады, бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде қатты аяз болып, ауа температурасы -40°С дейін төмендейді. Сондай-ақ өңірде тұман түседі.
Маңғыстау облысының орталығы мен солтүстік-шығысында көктайғақ пен тұман күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысында қар аралас жаңбыр жауады, таулы аудандарда қатты жауын-шашын мен бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетіп, ауа температурасы бірден +4+9°С дейін төмендейді. Түркістан қаласында қатты жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының солтүстік, батыс және оңтүстігінде тұман болады.
Жамбыл облысында солтүстік және таулы аудандарда қатты қар жауып, бұрқасын соғады. Желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Тараз қаласында тұман мен көктайғақ болады.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с күшейеді.
Ұлытау облысының оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Жезқазғанда желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарда қар мен мұзды жаңбыр жауып, көктайғақ пен бұрқасын болады. Желдің екпіні 24-29 м/с жетуі ықтимал. Қонаев қаласында да тұман, көктайғақ болып, жел екпіні 25 м/с жетеді.
Әзілкеш Сабыров «Ресейге кіруді 500 жылға жауып тастап, концерттерімді Сатурнның бесінші сақинасында өткізуге тура келер» деп әзілмен Ресей билігіне үн қатты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

