Алматы облысында «Алатау аманаты» жобасы аясында өңірдің туристік әлеуетін дамыту бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүргізілді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жоба шеңберінде Қастек шатқалынан бастап Шарын ұлттық табиғи паркіне дейінгі 1 500 шақырымнан асатын туристік маршрут толық зерттелді. Бұл бағытта табиғи ландшафттар, тарихи-мәдени нысандар және инфрақұрылым мүмкіндіктері жан-жақты қамтылды.
Зерттеу барысында қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударылып, маршруттар жүйеленді. Нәтижесінде дайын бағыттар 2GIS, Yandex Maps және Google Maps сияқты цифрлық платформаларға енгізілді. Бұл туристер үшін жолды алдын ала жоспарлауды жеңілдетіп, нақты бағыт-бағдар алуға мүмкіндік береді.
Жобаның тағы бір маңызды тұсы – қауіпсіз саяхатқа жағдай жасау. Маршруттардың цифрландырылуы туристердің адасып кету тәуекелін азайтып, табиғи ортада қозғалысты реттеуге көмектеседі.
«Алатау аманаты» бастамасы экологиялық туризмді дамытуға да ықпал етеді. Табиғи аймақтарды сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және жергілікті тұрғындардың табысын арттыру – жобаның негізгі бағыттарының бірі.
Бұл жоба тұрақты даму қағидаттарына негізделген. Халықаралық стандарттарға сай әзірленген тәсіл өңірдегі туризмді жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді.
Жалпы, «Алатау аманаты» – Алматы облысының туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадам.
Ирантанушы Қуанышбек Қаридің айтуынша, Ларижанидың өмір жолы мен саяси тағдыры Ирандағы билік құрылымының көпқабатты әрі қайшылыққа толы екенін көрсетіп берген.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







