Вьетнамдық жұмыртқа қосылған кофе (Cà phê trứng) – ерекше және дәмді сусын түрі. Ол алғаш рет 1946 жылы Ханой қаласында пайда болған. Сол кезде елде сүт тапшылығы болғандықтан, кофеге жаңа сауылған сүттің орнына жұмыртқаның сарысы, қант және қоюлатылған сүт қосылған, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл сусынның ерекшелігі қою әрі ащылау кофенің дәмін жұмыртқаның сарысынан жасалған тәтті және жұмсақ креммен үйлестіруінде.
Вьетнамдық жұмыртқа кофесі қалай дайындалады?
Дәстүрлі түрде бұл сусын үшін вьетнамдық робуста кофесі қолданылады. Оны арнайы «фин» деп аталатын сүзгі арқылы демдейді. Бұл әдіс кофенің дәмін барынша қанық әрі қою етеді, тіпті эспрессоға ұқсатады.
Кофенің үстіне қосылатын тәтті крем былай жасалады: жұмыртқаның сарысы қоюлатылған сүтпен, қантпен және ванилинмен миксердің көмегімен қою көбік тәрізді болып шыққанша шайқалады.
Дайындау үшін қажетті өнімдер (бір стақан үшін):
2,5 ас қасық ұнтақталған кофе (орташа немесе қою қуырылған, робуста);
жарты стақан (шамамен 120 мл) ыстық су;
1 жұмыртқаның сарысы;
1 ас қасық қоюлатылған сүт;
1 шай қасық қант;
¼ шай қасық ваниль экстракты;
сәндеу үшін даршын ұнтағы.
Дайындау әдісі:
Ұнтақталған кофені арнайы вьетнамдық фильтрге немесе френч-пресске салып, үстіне аздап ыстық су құяды. 45 секундтан соң қалған суды біртіндеп құйып, кофенің толық демделуі үшін 4-5 минут күтеді.
Осы уақытта жұмыртқаның сарысын, қоюлатылған сүтті, қантты және ванильді миксермен 4-5 минут бойы қою, ақшыл көбік шыққанша араластырады.
Дайын болған кофені шағын стақанға құйып, бетіне жұмыртқа кремін мұқият салады да, үстіне аздап даршын ұнтағын себеді.
Дайын кофені ыстық күйінде бірден ішу ұсынылады. Сонда әр ұрттаған сайын қою кофенің ащы дәмі жұмыртқа кремінің тәттілігімен керемет үйлесім тауып, ерекше сезім сыйлайды.
Бұл сусынды үй жағдайында да оңай дайындауға болады. Осы рецепт арқылы сіз де вьетнамдық жұмыртқа кофесінің дәмін татып көре аласыз.
Жаңғақ адам ағзасына өте пайдалы тағамдардың бірі. Оның құрамында дәрумендер, минералдар және пайдалы майлар көп. Бірақ жаңғақты дұрыс мөлшерде тұтыну маңызды, әйтпесе пайдасының орнына зияны болуы мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







