Сапалы ноутбук сатып алу бірнеше жылға арналған ұзақмерзімді инвестиция. Техника таңдауда асығыстық пен үнемдеуге ұмтылу дұрыс емес. Ноутбук қалай таңдау керек? 2026 жылы таңдауға болатын ең үздік 9 ноутбукты ұсынамыз деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
LG Gram 17 – жеңіл әрі қуатты
LG Gram сериясының ноутбуктері нарықта үздік деп бағаланып жүр. 17 дюймдік LG Gram да осы үрдісті жалғастырып, Consumer Reports рейтингінде жоғары балл алды. Салмағы небәрі 1,4 кг шамасында, экраны 2560х1600 пиксельді. Intel Core Ultra 9 процессоры, 32 ГБ жедел жады және 1 ТБ SSD диск өнімділігін арттырған. Батареясы 19 сағатқа дейін шыдайды. Бағасы – 1599 доллар.
Apple MacBook Air 15 – стиль мен жылдамдық үйлесімі
Apple MacBook Air (M4 чипі) дизайнымен де, өнімділігімен де пайдаланушылардың көңілінен шықты. 10 ядролы M4 процессоры, 16 ГБ жедел жадымен жабдықталған ноутбук жеңіл (1,5 кг) әрі батареясы 18 сағатқа жетеді. Бағасы – 999 доллар.
Acer Chromebook Plus Spin 514 – қолжетімді әрі сапалы
Acer Chromebook Plus Spin 514 ноутбугі жоғары бағаланған. 14 дюймдік сенсорлы экраны, 12 ГБ жедел жады, 256 ГБ SSD, MediaTek Kompanio процессоры бар. Салмағы 1,3 кг. Google жаңартуларын 2035 жылға дейін қолдайды. Бағасы 493 доллардан басталады.
Samsung Galaxy Book 5 Pro 16 – ерекше OLED экран
16 дюймдік AMOLED сенсорлы экраны (2880×1800 пиксель), Intel Core Ultra 7 процессоры, 16 ГБ жедел жады, 1 ТБ SSD. Салмағы – 1,56 кг. Батареясының қуаты бір тәулікке жетеді. Бағасы – 1299 доллар.
HP OmniBook X Flip 16 – өнімділік шыңы
HP OmniBook X Flip 16 моделі OLED экраны және 120 Гц жиілігімен таңғалдырады. Intel Core Ultra 9 процессоры, 32 ГБ жедел жады және 2 ТБ SSD. Құрылғыға стилус қосылған. Салмағы – 1,88 кг. Бағасы – 1988 доллар.
ASUS Zenbook S 14 – жеңіл әрі сапалы
ASUS Zenbook S 14 – салмағы 1,2 кг ғана болатын, керамика мен алюминий қоспасынан жасалған корпуспен ерекшеленеді. OLED экраны (2880×1800 пиксель), Intel Core Ultra 7 процессоры, 32 ГБ жедел жады және 1 ТБ SSD. Бағасы – 1399 доллар.
Apple MacBook Pro 16 – кәсіби қолдануға арналған
MacBook Pro M4 Pro чипімен жабдықталған бұл ноутбук кәсіби видеомонтаж бен контент жасайтындарға арналған. 14 ядролы процессоры, 24 ГБ жедел жады, 512 ГБ SSD дискі бар. Батареясы бір күннен астам уақыт жұмыс істейді. Бағасы – 1799 доллар.
Asus Expertbook CX54 Chromebook Plus 14 – берік әрі қолайлы
Әскери стандартқа сәйкес берік корпусты Chromebook моделі, Intel Core Ultra 5 процессоры және 8 ГБ жады бар. Батареясы шамамен 11 сағатқа жетеді. Бағасы – 599 доллар.
LG Gram Pro 2-in-1 16 – премиум кластың үздігі
LG Gram Pro 2-in-1 – ноутбук пен планшеттің функциясын қатар атқаратын премиум құрылғы. 16 дюймдік OLED сенсорлы экраны, Intel Core Ultra 7 процессоры, 16 ГБ жедел жады, 1 ТБ SSD. Салмағы – 1,4 кг. Құрылғыға магнитті стилус қосылған. Бағасы – 2096 доллар.
Ertenmedia-ның IT мамандары ноутбуктердің сенімділігі мен тұтынушылардың қанағаттану деңгейіне сүйене отырып, жоғары бағалады. Сондай-ақ Laptop Mag, PCWorld, TechRadar, CNET сияқты әлемдік басылымдардың пікірі ескерілді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







