Президент Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында құны миллиардтаған долларлық келісімдерге қол қойылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тоқаев Токиода Жапония императоры Нарухитомен кездесті. Мемлекет басшысының сапары барысында екі ел арасында жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын 40-тан астам келісім жасалады.
Келіссөздердің негізгі бағыты энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен өнеркәсібі және көлік-логистика салалары.
Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-Кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» компаниялары қатысса, Жапония жағынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO сияқты алып корпорациялар қатысады.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның ірі бизнес өкілдерімен жеке кездесулер өткізіп, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

