Президент Тоқаев Тамыз конференциясында мұғалім қауымын қажытқан мәселелерді ашық атады. Аттестаттаудың ауыр талабы, қағазбастылық, бітпейтін тексеріс, ұстаздарды жөндеу жұмысына жегу, кадр тапшылығы мен мазмұны жоқ реформалар енді Үкіметтің нақты шешімін талап ететін түйінге айналды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы мұғалімі құрметтелген елдің болашағы жарқын болатынын айтып, ұстазды білім беруші маман ғана емес, ұлттың ойлау жүйесін қалыптастыратын тұлға ретінде бағалады. «Ең озық технология әлемді өзгерте алады. Алайда адамды, оның дүниетанымын тек нағыз ұстаз ғана өзгертеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің сөзінше, кейінгі жеті жылда білім саласын қаржыландыру үш есе өсіп, 6,4 триллион теңгеге жеткен. Бес жылда 1 миллионнан астам оқушыға арналған…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстандық спортшыларды Олимпиада, Азия ойындары және өзге де кешенді жарыстарға алып баратын делегацияның құрамы енді нақты нормативпен белгіленеді. Әлихан Смайылов басқаратын Жоғары аудиторлық палатаның тексеруінен кейін жаттықтырушы, дәрігер, массажшы, психолог, штаб мүшесі мен ресми өкіл санын өз бетінше көбейтуге тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа тәртіп Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 8 шілдедегі бұйрығымен бекітілген. Құжат спортшылар саны мен оларды алып жүретін мамандар арасындағы нақты арақатынасты белгілейді. Өзгеріске Токиода өткен 2020 жылғы Олимпиадаға дайындыққа бөлінген бюджет қаражатының қаншалықты тиімді жұмсалғанын тексерген мемлекеттік аудит түрткі болған. Делегация бұрын бірыңғай өлшемсіз жасақталған Жоғары аудиторлық палата тексеру кезінде ұлттық делегацияны қалыптастырудың ортақ…
Президент Тоқаев Ақордада АҚШ Конгресі өкілдер палатасының ықпалды делегациясын қабылдады. Америкалық топты Конгрестегі сауда, салық және кеден саясатына тікелей ықпал ететін комитет төрағасы Джейсон Смит бастап келді. Ресми жүздесудің ар жағында Қазақстанға тұрақты сауда мәртебесін беру, критикалық минералдарға қол жеткізу және Каспийдегі энергетикалық мүддені қорғау секілді ірі есеп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астанаға келген делегация құрамына Джейсон Смитпен бірге Грег Мерфи, Кэрол Миллер, Ронни Джексон, Уэсли Белл және Эдвард Кейс енген. Олардың сапарын қатардағы парламенттік дипломатия аясындағы сыпайы жүздесу деп қабылдау қиындау. Смит басқаратын АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының Бюджет кірістері жөніндегі комитеті сауда келісімдерінен бастап, салық пен кедендік бажға дейінгі…
Журналист, «Просто журналистика» YouTube-арнасының авторы Лұқпан Ахмедияровты Астана әуежайында полиция қызметкерлері тоқтатты. Одан Ресей Ішкі істер министрлігі қозғаған қылмыстық іс пен мемлекетаралық іздеуге қатысты жазбаша түсініктеме талап етілген, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ахмедияровтың айтуынша, оқиға отбасымен бірге Астанаға ұшып келген кезде болған. Әуежайда алдынан шыққан тәртіп сақшылары Ресейдегі қылмыстық іске байланысты түсінік беруі керектігін жеткізген. «Путиндік Ресейдің маған қандай айып тағып отырғанынан мүлде хабарсыз екенімді, қылмыстық істің материалдарымен ешкім таныстырмағанын түсіндірдім», – деп жазды журналист. Оның сөзінше, Ресей тарапы қандай бап бойынша іс қозғағанын және мемлекетаралық іздеуге не себеп болғанын ресми түрде хабарламаған. Қазақстанның құқық қорғау органдары да істің мән-жайын түсіндірмеген.…
Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттары сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Бес пайыздық межеден бес партия өтті. Жаңа бір палаталы парламенттегі басымдық «Әділет» партиясына бұйырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ұсынған мәліметке сәйкес, сайлаушылар тізіміне 12 623 289 қазақстандық енгізілген. Соның 9 351 539-ы дауыс беруге қатысқан. Ел бойынша түпкілікті сайлау белсенділігі 74,08 пайызды құрады. Наурызда өткен республикалық референдуммен салыстырғанда, сайлау учаскесіне келген азамат саны 224 357 адамға артқан. Бес партия Құрылтайға өтті Дауыстар толық есептелгеннен кейін жеті саяси ұйымның бесеуі заңда белгіленген бес пайыздық межені еңсерді. «Әділет» партиясы 71,17 пайыз дауыспен айқын жеңіске жетті.…
Өскеменде үш жыл ішінде 44 рет жарылған су құбырлары толық жаңартылады. Қаладағы су жүйесі бірыңғай диспетчерлік орталыққа қосылып, апат пен қысымның төмендеуі онлайн бақыланбақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шығыс Қазақстан облысында энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында жалпы құны 9,7 миллиард теңге болатын алты жоба қолға алынған. Жұмыстар 2027 жылы жалғасады. Ең ауқымды жобаға шамамен 4,9 миллиард теңге бөлінген. Жаңа жүйе судың бастау көзінен тұрғын үйге жетіп, кәріз арқылы әкетілуіне дейінгі бүкіл жолды бақылауға мүмкіндік береді. Су алу нысандары, сорғы станциялары, резервуарлар мен қысымды өлшейтін бекеттер бір орталыққа біріктіріледі. Диспетчерлер әр ауданға қанша су жеткенін, сорғылардың қалай жұмыс…
Қазақстанның бірқатар өңірі жылу маусымына дайын емес. Премьер Бектенов қысқа дайындықты созбалаңға салған басшыларды сынға алып, жұмысты жүрдектетуді бұйырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметбасы жылыту маусымының басталуына әрі кетсе бір ай қалғанын еске салды. Соңғы мәлімет бойынша, Көкшетау, Теміртау және Жезқазған қалаларында күрделі жағдай байқалады. Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында жылу желілерін жөндеу қарқыны да көңіл көншітпейді. «Қолымдағы ақпаратқа сәйкес, бірқатар өңірде жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтамау қаупі бар», – деді Олжас Бектенов. Үкімет басшысы биыл энергетикалық нысандарды жөндеуге 851 миллиард теңге қарастырылғанын айтты. Бұл былтырғыдан 60 пайызға көп. Соның ішінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы шамамен 384 миллиард теңге бөлінген. Аталған…
Халық партиясының бұрынғы төрағасы, атышулы Ермұхамет Ертісбаев саясаттан кететінін мәлімдеді. Ол мұндай шешімді НПК Құрылтай сайлауындағы 5 пайыздық межеден өте алмағаннан кейін қабылдаған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мен белсенді саясаттан кетемін. Саяси өмірбаянымның осы кезеңі аяқталды деп санаймын. Бізге дауыс берген, сайлау науқанында еңбек еткен, үгіт жүргізген, пікірталасқа қатысып, бағдарламамызды қорғаған және бізге сенген барша азаматқа зор алғыс айтамын», – деді Ертісбаев. Айтуынша, сайлау науқанында Халық партиясы «қазақстандық социализм» идеясын ұсынған. Партия әлеуметтік әділдік, еңбек адамының құқығын қорғау, қолжетімді медицина мен білім, лайықты қарттық және ұлттық байлықты әділ бөлу мәселесін көтерген. Алайда аталған бағдарлама сайлаушылар тарапынан партия күткендей кең қолдау таппады.…
Президент Тоқаев Құрылтай сайлауынан кейін Үкімет отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дей тұрғанмен, Тоқаевтың сөзінен Бектенов командасының жұмысына қатысты саяси кінәрат немесе елеулі наразылық жоғын аңғаруға болады. «Бектенов? Сіздерге ашық айтайын, Үкіметтің жұмысына алаңдауға немесе оның қызметіне көңіл толмайды деуге ешқандай негіз жоқ. Министрлер де, Үкімет басшысы да бар күшін салып жатыр. Сондықтан кішігірім өзгеріс жасаймыз. Кадрлық ауыс-түйіс қашанда қажет. Ол Үкімет жұмысына тың күш береді», – деді Тоқаев. Президент кадр ауыстыруды біреуді қызметтен кетірудің амалына айналдыруға қарсы екенін де айтты. Пайымынша, шенеунікті жұртқа ұнау немесе ақпарат кеңістігін уақытша дүрліктіру үшін орнынан алу дұрыс емес. Тоқаевтың мәлімдемесі алдағы кадрлық…
Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға үйінен қатысты. Жуырда ота жасатқан экс-елбасыға жылжымалы дауыс беру жәшігі жеткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Назарбаевтың баспасөз қызметі оның денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне бармай, заңда қарастырылған тәртіппен үйінде дауыс бергенін мәлімдеді. Жарияланған суретте экс-президенттің бюллетеньді Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген жәшікке салып тұрғаны көрінеді. Оған ота жасалғаны және қазіргі жағдайы жөнінде қосымша мәлімет берілген жоқ. Қаңтардан кейін зейнетке шыққан айтқан Назарбаев соңғы жылдары қоғамдық-саяси іс-шараларға сирек қатысып жүр. Бұған дейін экс-президенттің баспасөз хатшысы оның тарих қойнауына сіңген «Аманат» партиясына түк қатысы жоқ деп мәлімдеген. «Әбішұлының әлгі партияға қандай қатысы бар? Ол өзінің президенттік өкілетін 2019 жылы…










