Қазақстанда көліктерді міндетті техникалық тексеру ережелеріне өзгеріс енуде. Енді бұл процесс бұрынғыдай формальды емес, нақты тексеруге негізделген жүйеге көшіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жаңа өзгерістердің бірі бірыңғай ақпараттық жүйенің (ЕИС) жұмысына қатысты. Бұдан былай техқарау станциялары жүйеге тек ресми келісімшарт арқылы ғана қосыла алады.
Сонымен қатар жүйеге автоматты тексеру енгізілді. Егер көлік туралы деректер күмәнді болса, диагностикалық карта рәсімделмейді. Жүйе автоматты түрде бас тартады. Тағы бір маңызды жаңалық – жалған техқарауды анықтау. Яғни, көлікті тексермей-ақ құжат беру енді мүмкін емес.
Ережеде станцияларды жүйеден ажырату себептері де нақты көрсетілген. Мысалы, деректерді уақытында жібермесе, мекенжай өзгерісін хабарламаса немесе құжаттарды дұрыс рәсімдемесе, жүйеден шеттетіледі.
Қайта қосылу үшін барлық кемшілікті түзеп, тексеруден қайта өту қажет. Сарапшы Ержан Сағынтаевтың айтуынша, бұрын бұл салада тек хабарлама тәртібі болған. Яғни тек өтініш беріп, жұмыс істей беруге болатын.
Қазір бәрі өзгерді. Енді станция толық тексерістен өтеді. Алдымен инспектор келіп, көзбен қарап шығады. Кейін құжаттар тексеріледі. Егер бәрі талапқа сай болса, ғана рұқсат беріледі. Осыдан кейін ғана станция жүйеге қосылады.
Сарапшының пікірінше, бұл өзгерістер нарықты қатты тазартқан. Мысалы, Алматыда бұрын 170-тен астам станция болса, қазір шамамен 50-60 ғана қалған.
Олардың басым бөлігі талапқа сай жұмыс істейді. Бұл жүргізушілерге де әсер етеді. Ең алдымен баға өсуі мүмкін. Себебі толыққанды техқарау жүргізу үшін шығын көп. «5000 теңгеге сапалы тексеру жасау мүмкін емес. Нарықтағы шынайы баға 15-16 мың теңгеге жақындауы мүмкін», – дейді сарапшы.
Сонымен қатар енді көлік шын мәнінде тексеріледі. Яғни бұрынғыдай «қағаз үшін» емес, нақты диагностика болады. Бұл кей жүргізушілерге ұнамауы мүмкін. Бірақ қауіпсіздік тұрғысынан маңызды өзгеріс.
Алдағы уақытта тексеру одан әрі күшейеді. Әсіресе көліктің шығарындыларына бақылау қатаңдайды. Жалпы алғанда, жаңа жүйе тәртіпке келтірілген нарық. Станциялар азаюы мүмкін, бірақ сапа артады. Енді жүргізушілерге жаңа талаптарға бейімделуге тура келеді.
Электромобильдер Қазақстанда қарқынды дамып келеді, алайда ұзақ сапарға шықпас бұрын арнайы дайындықты талап ететінін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







