Әділет министрлігі мен Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы арнайы акция аясында азаматтардың әлеуметтік және еңбек төлемі түсетін шотынан бұғатты шешеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Акция мерзімі 2026 жылғы 6 сәуірден 30 сәуірге дейін.
Бұғат мына төлемдер түсетін шоттардан алынады:
- еңбек ақысы;
- алимент;
- зейнетақы;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар.
Шоттарынан бұғатты алдыру үшін азаматтар мына әрекеттерді орындауы тиіс:
- Adilet.gov мобильді қосымшасына тіркелу;
- қосымша арқылы жеке сот орындаушысына өтініш беру;
- тиісті құжаттарды жүктеу.
Қажетті құжаттар тізімі:
- жұмыс орнынан жалақы шоты көрсетілген анықтама;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынатын зейнетақы шоты туралы анықтама;
- төлем түріне қарай басқа растайтын құжаттар.
Министрлік өкілдері бұғаттың алынуы азаматты атқару құжаттары бойынша міндеттемелерінен босатпайтынын және қарыздар мен айыппұлдардан құтқармайтынын еске салды. Айта кетелік, осы істің басы-қасында жүрген депутат Әбенов бұған дейін маңызды мәлімдеме жасаған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







