Жер ресурсын басқару комитеті игерілмей жатқан 2,1 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жерді тиімді игеруге арналған республикалық комиссия осы бағыттағы жұмысты 2022 жылдан бері белсенді жүргізіп келеді. Аталған комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, құқық қорғау мекемелерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген.
2025 жылы комиссия үш мәрте жалпы отырыс және 42 өңірлік жиын өткізген. Жалпы, 2022 жылдан бастап бүгінге дейін мемлекет меншігіне 14,3 миллион гектар жер қайтарылған.
Оның ішінде 2022 жылы 5,4 миллион гектар, 2023 жылы 4,6 миллион гектар, ал 2024 жылы 2,2 миллион гектар болса, биылғы жылдың басынан бері 2,1 миллион гектар жер мемлекет меншігіне өтті.
Мемлекетке қайтарылған жердің басым бөлігі жайылым алқаптары. Арнайы жүргізілген тексеріс нәтижесінде 16 мыңнан аса шаруашылықта не мал басы мүлде болмаған, не жайылымдар өте төмен деңгейде пайдаланылғаны анықталған. Осылайша жалпы қайтарылған жер көлемінің 12,5 миллион гектары жайылым мақсатындағы алқаптар екені белгілі болды.
2022 жылдан бастап мемлекет меншігіне қайтарылған жердің 7,7 миллион гектары қайта бөлінді. Оның 2,7 миллион гектары ортақ жайылым ретінде халық игілігіне берілсе, қалған 5 миллион гектары конкурс негізінде жаңа иелеріне табысталды.
Комитеттің мәліметінше, әлі 7,5 миллион гектар жерді қайта бөлу жұмыстары жалғасып жатыр. Осы орайда әкімдіктерге ең алдымен жергілікті тұрғындардың жайылымға деген қажеттілігін және ауыл шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтардың мүддесін ескеру тапсырылды.
Сулы, нулы жердегі жер телімдері Назарбаев пен Құлыбаев әулетінің иелігінен қалай алынды?

