Астана прокуратурасы мен ҰҚК департменті жедел жәрдем станциясындағы миллиондаған бюджет қаржысын жымқыру схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тергеу дерегіне қарағанда, 2020-2023 жылдар аралығында жедел жәрдем көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер қағаз жүзінде ғана есептен шығарылып, қызмет көрсетілмеген жалған келісімшарттар жасалған.
Соның кесірінен кейбір санитарлық көліктер шақыртуларға мүлде шықпаған, тағы бір бөлігін істен шығарып тастауға тура келген.
Қазіргі уақытта «103» қызметінің автопаркі толықтай қалпына келтірілді.
Бұл іске байланысты төрт адам ұсталды. Олардың арасында жедел жәрдем станциясының директоры, екі орта буын басшы және тағы бір қызметкер бар.
Мемлекетке келтірілген шығын 850 млн теңгеге жеткен. Айыпталушыларға «лауазымды тұлғалар тобының аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыруы» бойынша айып тағылып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Бұған дейін біз «Ақжол» депутаттары шекарадағы былықты жайып салып, Бектеновке шұғыл сауал жолдаған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

