Қонаев қаласында жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар белсенді түрде жалғасуда, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өткен жылы қалада бірқатар маңызды жобалар қолға алынып, кейбірі өз мәресіне жетті. Соның ішінде туристік маңызы бар «Көшпенділер» қалашығына дейін 6,8 шақырымдық жаңа жол салынды. Жол бойы толықтай жарықтандырылып, қалашықтың кіреберісінде автотұрақ ашылды.
Қалаға қарасты «Қарлығаш» ықшамауданында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұнда ұзындығы 7,4 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуде. Бұдан бөлек, 8,5 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолы салынып, аялдамалар мен көшені жарықтандыру жүйесі орнатылады. Аталған жоба биыл аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар кешенді даму жоспары аясында Шеңгелді ауылдық округіндегі төрт ауылда жалпы ұзындығы 29,2 шақырым жол жөнделді. Атап айтқанда:
Кербұлақ ауылында – 8,1 шақырым (19 көше);
Сарыбұлақ ауылында – 9,2 шақырым (14 көше);
Ақөзек ауылында – 4,0 шақырым (6 көше);
Қосқұдық ауылында – 7,7 шақырым (8 көше).
Жолдарды күтіп ұстау жұмыстары да қарқынды жүрді:
4000 шаршы метр аумақта шұңқырлар жөнделді;
1300 метр жолға ағымдағы жөндеу жасалды;
520 дана жол белгісі мен 14 жасанды жол кедергісі орнатылды.
Жүзеге асқан жұмыстар нәтижесінде Қонаев қаласындағы сапасы жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесі 90%-ға жетті.
Алматы облысы үшін өткен жылдың негізгі экономикалық жаңалығының бірі бюджетке түскен түсімнің 1 трлн теңге шегінен асуы болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

