Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламентін қайта атауды ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Президенттің айтуынша, парламенттік реформалар жөніндегі жұмыс тобы Парламентке «Құрылтай» деген жаңа атау беруді ұсынған.
Бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлаған болатын. Мемлекет басшысы Қызылордада елдің алдағы даму бағытын айқындайтын және қоғам өміріндегі маңызды мәселелерге қатысты сөз сөйлейтіні жоспарланған болатын.
Ұлттық құрылтайда талқыланған басқа ұсыныстармен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламентке қатысты бұл мәлімдемесі саяси жүйеде айтарлықтай өзгерістердің басталуын білдіреді. Мемлекет басшысының пікірінше, жаңа атау халықтық өкілдіктің мәнін нақты әрі толық жеткізеді және Парламенттің рөлі мен жауапкершілігін арттыра түсуге бағытталған.
Бұл бастаманың түпкі мақсаты – саяси құрылымдар мен қоғамдық институттардың тиімділігін арттырып, олардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейту. Қазір ұсынылған жаңа атауға қатысты нақты шешімнің қалай жүзеге асатыны әзірге белгісіз, алайда бұл өзгерістің қоғамдық және саяси ортада қызу талқыланатыны анық.
Ұлттық құрылтайда «Әділ сөз» қорының басшысы Қарлығаш Жаманқұлова отандық медианың бүгіні мен болашағына қатысты бірқатар ұсыныс жасады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

