Ұлттық құрылтайдың отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші қызметін қысқарту жоспарын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz.
– Парламент жұмысын қамтамасыз ететін кейбір аппарат құрылымдары мен мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқартылады, – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекеттік кеңесші лауазымының мәртебесі туралы жарлыққа Президент Тоқаев 2022 жылдың маусым айында қол қойған еді.
Құжатқа сәйкес, мемлекеттік кеңесшіні Президент тағайындайды және босатады. Ол Мемлекет басшысына тікелей бағынады әрі есеп береді. Жарлықтың толық мәтіні Ақорда сайтында жарияланған.
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламентінінің атауын өзгертуді ұсынды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

