Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда су мәселесіне ерекше тоқталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, су Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор ресурс, сондықтан бұл мәселемен жүйелі түрде айналысу қажет.
– Былтыр мен БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастама көтердім. Ұйымды реформалау барысында осы ұсынысты ілгерілетуіміз керек, – деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтетінін, онда Аралды құтқару қорына мүше мемлекет басшыларымен Арал мәселесі талқыланатынын айтты.
– Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірінің дамуына жаңа мүмкіндік береді деп сенеміз, – деді Тоқаев.
Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттікті беру тәртібін нақтылау қажеттігін айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

