Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды Orascom Investment Holding холдингінің төрағасы Нагиб Савириспен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тараптар туризмді дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Қала әкімі Алматының халықаралық экономикалық байланыстардағы маңызды орнына тоқталды. Қазір қала әлемнің 130-дан астам елімен тығыз қарым-қатынас орнатқан, 115 халықаралық ұйымның өкілдігі осында орналасқан.
Сондай-ақ Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің 90%-ының бас кеңселері Алматыда шоғырланған. Қала ел экономикасының 22%-ын және республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді.
Кездесуде туризм саласына ерекше көңіл бөлінді. Соңғы үш жылда Алматыға келуші туристер саны 92%-ға өскен. Туристік маусымда қонақүйлердің жүктемесі 90%-ға жеткені айтылды.
Өз кезегінде Orascom Investment Holding басшысы Нагиб Савирис Алматының инвестициялық мүмкіндіктерін терең зерттеп, серіктестік диалогты одан әрі жалғастыруға қызығушылық білдірді.
Алматы қаласында әкімдік мердігер компаниялардың жауапкершілігін қатаң бақылауға алды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

