Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шаралардың қорытындысы бойынша Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жиынға ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Махан ұатысты. Бұдан басқа Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар болды.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» сериясы шықты
Отырысты ашқан ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев университетте Абайдың мұрасын насихаттау аясында бірқатар ауқымды ғылыми жобалар іске асқанын атап өтті.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Абай мұрасы ұлттық болмысымыздың негізгі өзегіне айналуы керек. Осы мақсатта университетте «Абайдың кісілік кодексі» мен «Абай ілімі» атты пәндер әзірленіп, оқу процесіне енгізілді. Университет ғалымдары «Абайтану антологиясының» 1-10 томын, «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» сериясының 1-50 томын дайындады. Сонымен қатар, арнайы электронды зияткерлік ресурстар базасы жасалды, – деді Жансейіт Түймебаев.
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова қазіргі таңда еліміздің жоғары оқу орындарында 727 мың студент білім алып жатқанын айтты. Сонмен қтар ол университеттің ең басты міндеті – Абай философиясына сай толыққанды тұлға қалыптастыру екеніне тоқталды.
Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова Абай шығармаларын заманауи білім беру үдерісіне енгізудің маңыздылығын атап өтті.

ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Махан ҚазҰУ ғалымдары әзірлеген «Абайдың кісілік кодексі» қазіргі жастар үшін аса құнды екенін айтып, оны оқушылар арасында кеңінен тарату қажеттігін ұсынды.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Абай мұрасын халық арасында насихаттауда қала әкімдігі бірқатар шараларды өткізгенін жеткізді.
Жиында университеттің Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры Жанғара Дәдебаев атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен таныстырды.
Ғылыми кеңес шешімімен университет әзірлеген «Абайтану антологиясы» электронды базасы, «Абай ілімі» пәні, Абайдың кісілік кодексі мен Абай таксономиясы ҚазҰУ-дың зияткерлік меншігі ретінде бекітілді.
Сондай-ақ, «Абай ілімі» пәні жоғары білім беру бағдарламаларының жалпы білім беретін пәндер қатарына енді. Абайдың кісілік кодексі мен Абай ілімін білім берудің барлық деңгейінде кеңінен пайдалануға ұсыныс жасалды.
Жер бетіндегі ең ірі 18 өзеннің арнасы шөгіп барады. Олардың қатарында әлемге әйгілі Ніл мен Амазонка өзендерінің де аты аталды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

