Күні кеше ғана қызметінен босаған Серік Сапиев тез арада жаңа жұмыс тауып алды. Олимпиада чемпионы Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарған Серік Сапиев жоспарлы ротация аясында қызметінен кеткен болатын. Енді министрлікте ол XX жазғы Азия ойындарына дайындық штабының спорттық бағытына жауапты координатор қызметін атқарады.
Штаб құрамына спорт ардагерлері, ұлттық федерациялардың басшылары және министрлік өкілдері енді. Олардың міндеті әрбір дайындық кезеңінің нақты орындалуын қадағалап, алдағы Азия ойындарына дайындық сапасын арттыру.
Кабинетте шыққан шатақтан кейін Қарағанды спортының шенділері Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов өз еркімен қызметтен кеткенін сайтымызға жазған болатынбыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

