Әл-Кувейт қаласында Қазақстанның Кувейттегі Елшілігі «Eurasia Agro Semey» компаниясының жұмыс сапарын ұйымдастырды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл компания Қазақстанда заманауи ет өңдеу комбинатын салуды қолға алған. Жоба тарихи тұрғыдан кеңес дәуірінде Семейдегі Калинин атындағы әйгілі ет комбинаты орналасқан аумақта жүзеге асырылуда. Мұнда өңірдегі дәстүрлі өндіріс тәжірибесі заманауи технологиялармен ұштастырылып, халықаралық стандартқа сай кәсіпорын салынып жатыр.
Жұмыс сапары аясында қазақстандық компания Кувейттің ірі кәсіпорыны «ALMARAI National Co.» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат биыл тамызда жаңа комбинат іске қосылғаннан кейін, ет өнімдерін Кувейт нарығына экспорттауды көздейді.
Меморандум Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтудағы маңызды қадам. Оның басты мақсаты Таяу Шығыс елдерінде қазақстандық ет өнімдерінің сатылымын кеңейту.
Сапар барысында «Eurasia Agro Semey» басшылығы Кувейттің азық-түлік нарығындағы жетекші «Al-Yasra» және «The Sultan Center» компанияларының өкілдерімен кездесті. Тараптар кездесуде жоғары сапалы қазақстандық өнімдерді Кувейт нарығына шығарудың тиімді жолдарын талқылады. Сондай-ақ ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға мүдделі екендерін жеткізді.
Депутат Қазыбек Иса Ата заңның тың үлгісіне көңілі толатынын айтып, жаңа жобаның кеңес дәуірінің иісі кетпеген ескі құжаттан мүлде бөлек екенін мәлімдеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

