Алдағы үш күнде Қазақстанның үш мегаполисінде ауа райы қандай болатынын Ertenmedia.kz ұсынады.
АСТАНА
15 ақпан күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен соғады, жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -21…-23, күндіз -6…-8 градус аязды көрсетеді.
16 ақпан күні күн райы құбылмалы, күндіз қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, төменнен боран соғады. Оңтүстік-шығыс бағытындағы жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде 2-7, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде температура -10…-12, күндіз -2 градустан 0-ге дейін.
17 ақпан күні көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы -3…-5, күндіз шамамен 0 градус болады.
АЛМАТЫ
15 ақпан күні Алматыда ауа райы құбылмалы, түнде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 2-7 м/с. Температура түнде -2…-4 градус, күндіз +5…+7 градус жылылықты көрсетеді.
16 ақпан күні көшпелі бұлт шығып, түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Түнгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Температура түнде -1 градустан +1 градусқа дейін, күндіз +9…+11 градусқа дейін көтеріледі.
17 ақпан күні құбылмалы ауа райы жалғасады. Түнде жаңбыр аралас қар, күндіз жаңбыр жауады. Түнде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Температура түнде 0…+2 градус, күндіз +10…+12 градус аралығында жылы болады.
ШЫМКЕНТ
15 ақпан күні Шымкентте көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Түнгі ауа температурасы +2…+4 градус, күндіз +15…+17 градусқа дейін жылынады.
16 ақпан күні көшпелі бұлт шығып, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с құрайды. Температура түнде +6…+8 градус, күндіз +13…+15 градус жылы болады.
17 ақпан күні құбылмалы бұлт шығып, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші 8-13 м/с құрайды. Температура түнде +6…+8, күндіз +12…+14 градус аралығында жылы болады.
Ақпанның ерекшеліктері
Синоптиктер бұған дейін ақпан айына жалпы болжам ұсынған болатын. Оған сәйкес, Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы қалыпты нормадан 1-2 градус жоғары болады деп күтілуде. Республика бойынша жауын-шашын қалыпты деңгейде жауады, ал елдің оңтүстік-шығысында ауа райы климаттық нормаға жақын сақталады.
Ғалымдардың ерекше радиотолқындардың көмегімен жоғалған материяның нақты мекенін анықтағанын білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

