Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт өзгеріп, бірқатар өңірлерде жауын-шашын, көктайғақ және қатты жел күтілуде. Синоптиктердің 18 ақпанға арналған нақты болжамын назарларыңызға ұсынамыз, деп жазады Ertenmedia.kz.
Еліміздің солтүстігінде күн күрт суыта бастайды. Түнде ауа температурасы -18…-23 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстікте, керісінше, Қара теңіз аумағынан келген циклон әсерінен күндізгі температура +15…+20 градусқа дейін жылынады.
Абай облысында батыс және орталық аумақтарда күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және боран күтіледі. Жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Түнде 0…-5, облыстың шығысында -8…-13 градус аяз, күндіз 0…+5 градус жылы, шығыста -3 градус суық болады.
Ақмола облысында жаңбыр аралас қар жауады, көктайғақ, боран және тұман болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кейбір аудандарда 28 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы 0…-5 градус аяз, күндіз -3 пен +2 градус арасында болады.
Ақтөбе облысында қар мен жаңбыр, боран, көктайғақ болжануда. Кейбір аумақтарда тұман түседі. Жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. Түнде және күндіз 0…-5 градус, облыстың оңтүстігінде +3 градус жылу күтіледі.
Алматы облысында күн жауын-шашынсыз. Тек оңтүстігі мен таулы аймақтарында аздап тұман түседі. Желдің екпіні 20 м/с жетуі мүмкін. Түнде 0…+5 жылы, солтүстігі мен таулы аймақтарында 0…-5 градус суық, күндіз +12…+17 градус жылы болады.
Атырау облысында түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі. Көктайғақ пен тұман болжануда. Түнде 0…-8 градус аяз, күндіз +1…+6 градус жылы, солтүстікте -2 градус суық.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Түнде 0…-5, облыстың солтүстігі мен шығысында -10…-15 градус аяз, күндіз 0…+8 жылы, шығысында -3 градус суық.
Жамбыл облысында жауын-шашын болмайды, кейбір аумақтарда тұман түседі. Жел таулы аймақтарда секундына 20 метрге дейін күшейеді. Түнде +2…+7 жылы, таулы аудандарда -3 градус, күндіз +15…+20 градус жылы, солтүстігі мен таулы аудандарда +5…+10 жылы.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні Алакөл маңында секундына 23-28 метрге жетеді. Түнде 0…-8 градус суық, облыстың оңтүстігінде +5 жылы, күндіз +11…+16 жылы болады.
Қар мен жаңбыр араласып…
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар аралас жауын, көктайғақ және тұман болжануда. Түнде -10…-15 градус, оңтүстігінде -5 градус, күндіз -5…-10 градус, оңтүстігінде -2 градус болады.
Қарағанды облысында күндіз жаңбыр аралас қар жауады, көктайғақ пен боран болады. Кейбір аумақтарда тұман түседі. Желдің жылдамдығы 20 м/с жетеді. Түнде 0…-13 градус, күндіз -2 мен +6 градус арасында.
Қостанай облысында жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ, боран, тұман күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с жетеді. Түнде және күндіз -4…-12 градус, оңтүстігінде -1 градус суық.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Жел секундына 20 метрге жетуі мүмкін. Түнде +1…+6 жылы, күндіз +12…+17 жылы болады.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Жел 14 м/с дейін жетеді. Түнде +1…+6 жылы, күндіз +5…+10 жылы болады.
Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауады, боран мен көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Түнде -4…+1 градус, күндіз 0…+5 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр аралас қар жауады, боран, көктайғақ және тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Түнде және күндіз 0…-8 градус.
Түркістан облысында жауын-шашын болмайды, бірақ тұман күтіледі. Жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. Түнде +3…+8 жылы, күндіз +15…+20 жылы болады.
Ұлытау облысында күндіз жаңбыр мен қар, боран және көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 14 м/с. Түнде -3…+2 градус, күндіз 0…+9 градус жылы болады.
Мегаполистердегі ауа райы:
Астанада күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ пен боран күтіледі. Түнде -1…-3 градус, күндіз 0…+2 градус жылы.
Алматыда жауын-шашын болмайды. Түнде +2…+4, күндіз +14…+16 градус жылы.
Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Түнде +6…+8, күндіз +18…+20 градус жылы.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

