Қазақстан аумағында алдағы тәулікте ауа райы күрт құбылып, бірқатар аймақтарда қар мен жаңбыр араласып жауады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Солтүстік өңірлерде қар жауып, жолдарда көктайғақ пен боран күтілуде. Шығыс пен орталықта да ауа райы тұрақсыз – кейбір жерлерде тұман түсіп, қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз болады, дегенмен кей аумақтарда тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Батыста да бұлтты күн райы күтіліп, кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауады.
Астанада күн ала бұлтты, түнде және таңертең қар жауады, көктайғақ пен боран күтіледі. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -10-12 градус суық.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде аздап тұман түсуі ықтимал. Ауа температурасы түнде +3-5, күндіз +15-17 градус жылы.
Шымкентте күн ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8-10, күндіз +20-22 градус жылы.
Түркістанда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз жел екпіні күшеюі мүмкін. Түнгі ауа температурасы +8-10, күндіз +19-21 градус жылы.
Қонаев қаласында күн райы тұрақты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +2-4, күндіз +13-15 градус жылы.
Талдықорғанда ауа райы жауын-шашынсыз, ала бұлтты. Түнде температура +0-2, күндіз +16-18 градус жылы.
Қызылордада ауа райы тұрақты, жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман күтіледі. Температура түнде +5-7, күндіз +9-11 градус жылы.
Таразда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде тұман түсіп, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8-10, күндіз +22-24 градус жылы.
Қар мен жаңбыр жауады араласып…
Ақтауда жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Түнде +4-6, күндіз +10-12 градус жылы.
Атырауда күн райы құбылмалы, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз жел күшейеді. Түнде температура -3-5 градус суық, күндіз +3-5 градус жылы.
Орал қаласында ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -13-15 градус, күндіз -4-6 градус суық.
Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде -11-13, күндіз -6-8 градус суық.
Қарағандыда ауа райы тұрақсыз – түнде қар аралас жаңбыр жауып, күндіз қарлы боран күтіледі. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы тәулік бойы -3-5 градус суық.
Жезқазғанда ауа райы ала бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр мен қар аралас жауады. Тұман мен көктайғақ болады. Температура тәулік бойы 0-ден +2 градусқа дейін жылынады.
Қостанайда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде -18-20 градус, күндіз -12-14 градус суық.
Көкшетауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Түнде -17-19, күндіз -13-15 градус суық.
Петропавлда күн райы ашық, жауын-шашын күтілмейді. Температура түнде -17-19, күндіз -11-13 градус суық.
Павлодарда ауа райы құбылмалы, түнде жаңбыр қарға ұласып, боран мен көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы тәулік бойы -10-12 градус суық.
Семейде ауа райы бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы тәулік бойы 0-ден +2 градусқа дейін жылынады.
Өскеменде күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы тәулік бойы +1-3 градус жылы.
Бүгін ораза айы басталады. Бір айға жалғасатын ораза 19 наурызда аяқталып, ертесіне мұсылман қауымы Ораза айт мерекесін тойлайды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

