Tesla АҚШ-та Cybertruck моделінің арзанырақ жаңа нұсқасын таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Компания бейсенбі күні екі моторлы, толық жетекті жаңа Cybertruck бағасын $59,990 деп белгіледі. Жаңа модель ең қолжетімді нұсқа.
Сонымен қатар, Tesla Cybertruck-тың ең қымбат Cyberbeast моделінің де бағасын $114,990-нан $99,990-ға дейін төмендетті. Осы арқылы компания Cybertruck көліктерінің қолжетімділігін арттыруды көздеп отыр.
Бағаның төмендеуіне байланысты, Tesla былтыр тамыз айында ұсынған «Luxe Package» арнайы пакетін алып тастамақ. Бұған жүргізуші бақылауымен толық автономды басқару (Supervised Full Self-Driving) жүйесі мен Supercharger зарядтау стансасын тегін пайдалану мүмкіндігі кіретін еді.
Өзге Cybertruck модельдерінің бағасы өзгеріссіз қалды. Бұған дейін Tesla танымал Model Y SUV автокөлігінің де жаңа толық жетекті түрін $41,990 бағасымен нарыққа шығарған болатын. Бұл нұсқа арзанырақ артқы жетекті стандартты үлгімен салыстырғанда қымбатырақ.
Бағаны төмендету Tesla компаниясының 2026 жылға арналған негізгі стратегиясының бір бөлігі. Осы арқылы компания жаппай тұтынушыларды жаңа модельдерді күтпестен қолжетімді бағамен тартуды жоспарлап отыр.
Fk «Қазақстанның Автокөлік Одағының» мәліметінше, Kia қаңтар айында ел нарығындағы сатылым көлемі бойынша бірінші орынға шыққан.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

