OpenAI компаниясы 2030 жылға дейін жалпы есептеу қуатына (compute spend) шамамен 600 миллиард доллар жұмсауды көздеп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл жоспар компанияның биржаға шығуға (IPO) дайындық аясында жарияланып отыр. IPO нәтижесінде OpenAI нарықтық құны 1 триллион долларға жетуі мүмкін.
2025 жылы OpenAI-дың жалпы табысы 13 миллиард долларды құрады. Бұл бастапқыда болжанған 10 миллиард доллардан жоғары. Компанияның шығыны 8 миллиард долларды құрап, жоспарланған 9 миллиард доллардан төмен болған.
Жақында белгілі болғандай, Nvidia корпорациясы OpenAI-ға 30 миллиард доллар көлемінде инвестиция салуды аяқтауға жақын. Бұл инвестиция тарту кезеңінде компания 100 миллиард доллардан астам қаражат жинауды көздеп отыр. Нәтижесінде компанияның нарықтық құны шамамен 830 миллиард долларға бағаланбақ.
Бұған дейін CNBC телеарнасы OpenAI-дың 2030 жылға қарай 280 миллиард доллардан астам табыс табуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Компанияның тұтынушылар мен корпоративтік сегменттердегі табысы шамамен тең болады деп күтілуде.
Компания басшысы Сэм Альтман былтыр OpenAI есептеу ресурстарын дамытуға жалпы құны 1,4 триллион доллар жұмсауды жоспарлап отырғанын айтқан еді. Мұндай ресурстардың көлемі 30 гигаваттқа тең болмақ. Салыстыру үшін бұл АҚШ-тағы шамамен 25 миллион үйді қуаттандыруға жеткілікті энергия.
Сонымен қатар, The Information басылымының дерегінше, OpenAI инвесторларға жасанды интеллект модельдерін іске қосу (inference) шығындары 2025 жылы төрт есеге өскенін хабарлаған. Соның салдарынан компанияның түзетілген жалпы маржасы 2024 жылғы 40%-дан 2025 жылы 33%-ға төмендеген.
Tesla компаниясы бейсенбі күні екі моторлы, толық жетекті жаңа Cybertruck бағасын $59,990 деп белгіледі. Жаңа модель ең қолжетімді нұсқа.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

